Өткен аптада салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еркін күрестен ішаралық турнир өткізілді. Жарысқа 8 салмақ категориясы бойынша 5 пен 15 жас аралығындағы 34 палуан қатысты.
Тартысты өткен бәсекелерде төмендегі палуандар жеңімпаз атанды:
Нұрәділ Нұрлан (23 кг), Бағдәулет Қадырбай (26 кг),Мұхаммед Хамза (29 кг), Нұрасыл Жауылбай (32 кг), Еламан Шынтас (35 кг), Нұрбек Саматұлы(38 кг) ,Диас Қарасаев (41 кг),
Темірхан Толыбай (44 кг).
Сонымен қатар Нарқұт Қалжан мен Али Сағындық атты палуандар кім мықтыны анықтау үшін өзара белдесті.
Спорт мектебінде балаларды еркін күрестен Амирхан Джугинисов, Ерболат Бисенбай, Нұрлыбек Аққойшиев, Аян Абаев, Хисмет Асқаровтар жаттықтырады.
А. Жұмабекұлы