Жарыс газет мерейтойына арналды

(0 Votes)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық және «Maqat tynysy» газетінің 20 жылдық мерейтойына орай үстел теннисінен аудандық жарыс өткізілді. Мақат балалар және жасөспірімдер спорт кешенінде өткізілген сайыс тартысты да, қызықты өтті.

13 қатысушы жарыс көрігін қыздырып, әрқайсысы жеңімпаз атануға ұмтылып, бір-біріне лайықты қарсылас болды.

Жарысқа қатысушылардың арасынан жасы да, үлкендері де ойынға құлшына кірісіп, беріле ойнап жатқандарын көргенде, көңіліміз марқайып қалды. Жанкүйерлер қатарында да жас ұрпақтың болғаны көз қуантты.

img_4283

Нәтижесінде, ерлер арасында өткен ойында жылдам әрі тартымды ойнаған Абзал Қапсалимов қарсыласты шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал оған сәл ұпайы жетпей қалған Саламат Кекілбаев екінші орынды місе тұтса, үшінші орын Нұрлан Исполовқа бұйырды. Сонымен қатар, «Жеңіске деген жігері  үшін» атауымен  Дәулет Есқабыл марапатталды.

Әйелдер арасында өткен сайыста Айгүл Отарова І орын, Жәрдемқызы Альбина ІІ орын, Аяжан Өтепқалиева ІІІ орынға ие болды.

img_4229

 Жеңімпаздарды марапаттаған «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Гүлзада Саликова және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Сарбасов жарысқа қатысушыларға алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.

Жеңімпаздарға медаль мен кубок беріліп, дипломдар табысталды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT