Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және "Мақат тынысы" қоғамдық-саяси газетінің 20 жылдығына орай Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан аудан мекемелері арасында жарыс өтті.
5 командадан да бұрыннан іріктелген «сайдың тасындай» мықты ойыншылар қатысты. Күннің ыстығына қарамай, тамаша ойын өрнегін көрсеткен командалар аралас құрамда ойнады. Яғни, топта ерлер мен әйелдер тең ойнады.
Әсіресе, орта мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен спорт мектебінің бапкерлері сайысқа белсене қатысты.
Қорытындысында, 1-орынды Балалар мен жасөспірімдер даярлық клубының командасы алса, 2-орын Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне бұйырды. Ал жүлделі үштікті Х.Санбаев атындағы орта мектептің спортшылары түйіндеді.
Доссор мәдениет үйі мен Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің қыз-жігіттері "Жеңіске деген жігері үшін" марапатталды.
Е.Асылбек