Жақында Атырау каласында муай-тайдан 2010-2011 және 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат болып өтті.
Дүбірлі додаға Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары қатысып, мұнайлы мекеннің абыройын асқақтатып қайтты.
Әр ауданның кіл мықтылары қатысқан байрақты бәсекеде жерлестеріміз 5 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені қоржынға салып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, Ербол Өтеген қола, Әліби Рысқұлов күміс медальды еншілесе, Арсен Маратұлы, Ерназар Түгелбай, Арсен Бисембай, Әділет Құбайдолла, Рамазан Қайратұлы алтын медаль иегері атанып, жарыс жеңімпазы атанды.
Осы ретте, Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрлыбек Ордабаев жарысқа қатысқан спортшылардың бәрі болашақтан зор үміт күттіретін муай-тайшылар екенін айтады. Ендеше, барған жарыстан жеңіссіз қайтпайтын муай-тайшыларға тек сәттілік тілейміз!
Ә.ҚАСЫМ