Жас дойбышылар бақ сынасты

(0 Votes)

Рәміздер мерекесіне орай Мақат кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында дойбыдан ерекше балалар арасында жарыс өтті.

Ашылу салтанатында, аталмыш сайысты ұйымдастырған Мақат кенті әкімінің спорт нұсқаушысы А.Мендалиева қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл жарыс дәстүрлі түрде екінші рет өтіп жатқанын атап өтті. 

Жарыста Х.Санбаев атындағы және М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары бақ сынады. Тартысты өткен ойын нәтижесінде жүлделі І орынды Айдын Исмұхан, ІІ орынды Аяулым Жылқышы, ІІІ орынды Расул Жұмабай иеленді. Сонымен қатар, ойында білгірлігімен, ойының ұшқырлығымен көзге түскен қатысушыларға да «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы және ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Мақат кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерлан Нұрған жеңімпаздарды дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, жарыстың өтуіне демеушілік танытқан облыстық мәслихат депутаты Қуаныш Исмағұловқа, аудандық мәслихаттың жас депутаты Есімхан Табылдыұлына, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполовқа алғысын білдірді.

Айта кетейік, жарысқа №2 бастауыш мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Данияр Хасанов және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Лена Байғұршимова төрелік етті.

Г.СӘЛІМГЕРЕЕВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология мамандығының 3 курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT