Мақатта «Айналайын» өнер байқауы өтті

(0 Votes)

Жақында аудандық мәдениет үйінде балалар арасында «Айналайын» аудандық өнер байқауы өтті. Үш жанр бойынша ұйымдастырылған байқауға балабақша және мектептерден 5-8 жас аралығындағы өнерпаз бүлдіршіндер қатысты. Атап айтқанда, ән жанры бойынша – 15, көркем сөз жанры бойынша – 13, би жанры бойынша – 11 үміткер өнер көрсетіп, бақ сынады.

Байқау нәтижесінде әділ-қазылар алқасының шешімімен ән жанры бойынша сайысқа түскен үміткерлер арасында С.Шарипов атындағы мектеп-интернатынан А.Қуанышқали, «Болашақ» балабақшасынан Н.Азаматқызы, Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінен А.Құбайдолла ІІІ орын, «Әсел-Әмина» балабақшасынан Р.Абылайқызы, Х.Санбаев атындағы орта мектебінен Д.Мұхтарұлы ІІ орын, №54 балабақшасынан Ф.Мұханбет І орын иегері атанып, Доссор мәдениет үйінен қатысқан А.Жандарбекқызы бас жүлде иегері атанды.

Ал көркемсөз жанры бойынша додаға түскен бүлдіршіндер арасында «Сандуғаш» балабақшасынан А.Амантұрлы, М.Баймұханов атындағы мектебінен Д.Ержан, «Нұрбөбек» балабақшасынан Г.Алдиярова III орынмен, А.Құнанбаев атындағы орта мектептен Н.Теміржанов, №54 балабақшасынан А.Аманқосқызы II орынмен, «Ботақан» балабақшасынан Қ.Тілеген I орынмен марапатталса, аудандық мәдениет үйінен қатысқан А.Рашидқызы бас жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, би жанры бойынша бәсекеге түскен бишілер арасында «Балбөбек», «Нұрбөбек» балабақшасы және аудандық мәдениет үйінің «Сымбат» би тобы III орын, №54 және «Ботақан» балабақшаларының би топтары ІІ орын, Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінің «Томирис» би тобы I орынды жеңіп алса, Мақат балалар өнер мектебінің «Әсем-ай» би тобы жарыс жеңімпазы атанды.

Сайыс соңында сөз алған аудандық мәдениет үйінің басшысы Кенжебике Айтмұханқызы жеңімпаздарды құттықтап, өнерлі жастарға сәттілік тіледі.

Жеңімпаз бүлдіршіндерге арнайы диплом және сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, байқауға қатысып, белсенділік танытқан басқа үміткерлер де арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтарға ие болды.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521