Таза ой! Таза өмір! Таза қызмет!

(0 Votes)

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттардың бірі – заңдылық және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік болып табылады.
Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік қызметшінің біліктілік тұрғысында ғана емес, адамгершілік пен моральдық құндылықтарға жоғары талаптар қойып, тән мен жанның саулығы тұрғысында тазалығын қамтиды.
Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұжымы еріктілер кеңес аясында нашақорлық (есірткі, психотроптық заттар) дертінің алдын алу және өзгелерге үлгі көрсету мақсатында сараптамадан өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – қоғамның мемлекеттік қызметке сенімін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтан туындайтын қауіп-қатердің алдын алу.
Осыған байланысты, Департамент «Таза ой! Таза өмір! Таза қызмет» атты челенджін Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлына жолдады.
Сонымен қатар, өңіріміздің барлық мемлекеттік қызметшілерін аталған челленджге қатысуға шақырды!
Өз кезегінде, қазіргі таңда өңір бойынша 90-ға жуық мемлекеттік қызметші ерікті түрде наркотест тапсырып, мемлекеттік қызмет жүйесіне қоғам тарапынан сенімнің қалыптасуына ықпалдасуда.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT