ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ НЕГІЗІ»

(0 Votes)

«Заң және тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық мәдениет – қоғам негізі» тақырыбында Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің, Математика және математиканы оқыту кафедрасының Математика IP және Қолданбалы математика БББ-ның 1 курс студенттерімен маңызды әрі өзекті кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерге назар аударту және киберқылмыстың алдын алу жолдарын түсіндіру болды.


Аталған кездесу Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Атырау облысы полиция департаментінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті. Кездесуге арнайы шақырылған қонақ ретінде Атырау облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Муханбеталиев Даурен Максимович қатысып, жастармен ашық әрі мазмұнды форматта пікір алмасты.
Кездесудің мазмұнды әрі жүйелі өтуіне модераторлық еткен ҚР Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің жанынан құрылған «Еркіндік руһы» жастар комиссиясының мүшесі, магистр-оқытушы, Математика İP БББ-ның 1 курс студенттерінің кураторы  Еркинова Мадина Муратқызы өз үлесін қосты. Ол өз сөзінде жастарды құқықтық сауаттылыққа, саналы цифрлық мінез-құлыққа және азаматтық белсенділікке шақырып, спикер мен студенттер арасындағы ашық диалогтың орнауына ықпал етті.
Іс-шара барысында кибербуллингтің түрлері мен салдары, интернеттегі құқық бұзушылықтар үшін заң алдындағы жауапкершілік және киберқылмыстың алдын алу тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар тақырыптың өзектілігін айқындап, пікір алмасу белсенді түрде өтті.
Сонымен қатар, студенттер алдағы уақытта киберқылмыстың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларға волонтер ретінде қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Бұл – жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсететін маңызды қадам.
Аталған кездесу студенттердің заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға, цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамытуға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталды.
Құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT