Құлсары қаласындағы бес мектепте жаңа инклюзивті сыныптар ашылды

(0 Votes)

Құлсарыда көптен күткен оқиға – инклюзияны қолдау кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті. Жоба 158 балаға өз мектептерінде, отбасы мен достарының қасында оқып, дамып, әлеуетін ашуға ерекше мүмкіндік береді.

 

Жобаның алғашқы қарлығашы - Д. Жазықбаев атындағы №16 мектеп болды. 56 шаршы метрді алып жатқан бұл кеңістікте бір мезгілде он педагог жұмыс істей алады, ал күніне 40 бала сабаққа қатыса алады. 

 

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова жобаның маңызын атап өтті:

«Бүгінгі ашылу – тек қадам емес, біздің балаларымызға өздеріне және қабілеттеріне сенуге мүмкіндік беретін шын мәніндегі мүмкіндік. Мұндай ізгі және қажет жобалар көбірек іске асуы керек» деді ол.

 

Кабинеттер жаңа авторлық модель бойынша, сарапшылардың қатысуымен жасалып, Қазақстанның басқа қалаларында тиімділігін дәлелдеді. Мұнда балалар кешенді қолдау алады: логопед, психолог және дефектологпен сабақтар, сенсорлық және дамытушы көмек, сондай-ақ бейімделген физикалық терапия.

 

Айта кетейік, бұл әлеуметтік жоба «Теңізшевройл» ЖШС және «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бірлескен бастамасы болып табылады.

 

 «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры Нұрмұхамед Картабаев әр баланың сапалы білім алу мүмкіндігіне теңдей ие болуы маңызды екенін айтты. "Бүгінгі ашылу – ауыл балаларына оқып, дамып, жетістіктерге қуану мүмкіндігі береді» деді ол.

 

Жоба аясында инклюзияны қолдау және емдік дене шынықтыру кабинеттері қаладағы бес мектепте ашылады – №16, №8, №7, №18 және №21. Бастама 158 баланы қамтиды, оларға заманауи жабдықтар, жеке оқу бағдарламалары, мұғалімдерді дайындау және мамандардың тұрақты қолдауы қамтамасыз етіледі.

 

Жобаның жалпы қаржылық көлемі әр тараптан 75 миллион теңгеден асты – бұл бизнестің және қоғамның серіктестігі өмір сапасын қалай жақсартып, әділ болашақ құратынын көрсететін нақты мысал.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT