Сәуле – ІІІ орын иегері

(0 Votes)

Жуырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік авторлық бағдарлама» атты байқаудың республикалық кезеңі өтті.

 

Өз кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған додаға, педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес ұстаздар қатысты.

Бұл сайыста ауданымыздың атынан «Психологиялық қызмет бағыты» бойынша жобасын ұсынып, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені педагог-психологы Сәуле Оразғалиева бақ сынады.

Нәтижесінде Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені педагог-психологы Сәуле Оразғалиева жүлделі III орынды еншілеп, аудан абыройын асқақтатты.

Еске сала кетейік, бұған дейінде ол «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінде жүлделі I орынмен марапатталып республикалық кезеңіне жолдама алған болатын.

С.Бекарыс

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT