Жас ақынымыз үздік үштікте

(0 Votes)

Елдің ертеңі мен кешегісін балаң жырларына қосып жүрген жас ақындарымыздың аяқ алысы жаман емес. Сөзіміздің жарқын мысалындай  Жадыра Есимова есімді өреніміз “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының “ҮЗДІК ЖАС АҚЫН - 2021” атты республикалық байқауында бақ сынаған еді.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жыр додасына жас ақындар республикамыздың түкпір-түкпірінен қатысты. "Тас шайнап, құм түкірген" кіл жүйріктің арасынан үздік үштікке ілігу де зор мәртебе. "Бірақ сол бір 86, желтоқсан, Қазағымды қазан атқа мінгізген",-деп тұғырлы тәуелсіздікті жырға қосқан жерлесіміз осылайша үшінші орынға ие болып, ел мерейін үстем етті.

Жазарың таусылмасын, Жадыра !


А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT