Жарыс төрінде теміржолшылар

(0 Votes)

Теміржолшылар мерекесі қарсаңында аудандағы сала қызметкерлерінің қатысуымен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында кіші аяқ допшылар турнирі өтті.

Жарыстың мақсаты спорттың бұқаралығын арттыру, теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ынтымақтастықты нығайту.

Алдымен сөз тізгінін алған дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Мақсотов ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып, байлығын еселеуде айрықша еңбектеніп жүрген теміржолшыларды мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысушы командарға сәттілік тіледі. Турнирге бабы келіскен 8 команда қатысып, кіші аяқдоп ойынын қыздыра түсті. Ойын нәтижесінде өз мүмкіншіліктерін мүлт жібермеген Мақат локомотив пайдалану депосынан құралған команда бірінші орынға қол жеткізді. Екінші орынды Қамқор локомотив ойыншылары еншілесе, үшінші орынға Мақат стансасы лайықталды. Сонымен қатар, шеберлігімен көзге түскен «Үздік шабуылшы» номинациясына А.Ермекбаев, «Үздік ойыншы» номинациясына С.Демалысов, «Үздік қақпашы» номинациясына Ө.Шыныбеков лайық деп танылып, марапатқа ие болды. Жеңімпаз командаларға диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жарыстың өзге қатысушыларына да алғыс хаттар табысталды.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT