Ашық аспан астында фильм тамашалады

(0 Votes)

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ» ықшам ауданында ашық аспан астында қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты фильмі көрермен назарына ұсынылды.

Бір қуанарлық жайт фильмді тағатсыздана күткен көрермендер қарасы көп болды. Бұл фильм Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Басты рөлдегі Ілиястың тағдыры арқылы, қазақ баласының ХХ ғасырдағы басынан кешкен нәубеттері баяндалады. Сұрапыл соғыс кезіндегі елдің ақуалы мен соғыстан кейінгі қиын кезеңдерді суреттеуі толық қамтылып, бейнеленеді. Атап айтсақ, кейіпкердің қуғын-сүргінге ұшырап, ашаршылық нәубетіне тап болуы бүгінгі бейбіт заман азаматтарын тәубеге шақырарлық әсер береді. Осынша қиыншылықтарды басынан өткерген кейіпкердің еліне жеткенге дейінгі балалар үйі, әскери міндетін өтеуі, соғыс көруі сынды тағдыры суреттелетін фильм желісінде кейіпкердің басына қандай күн тусада, анасына оралады. Қарт ана баласын бауырына басатын ең соңғы сәт көрермен көңілін ерекше елжіретеді.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT