Құрылысшылар мерекесіне орай «Атырау» спорт кешенінде өткен шағын футболдан облыстық турнирге мақаттық спортшылар да қатысып қайтты.
Оған облыс өңіріндегі барлық аудандардан, Атырау қаласынан мемлекеттік қызметшілерден құралған 12 команды қатысып, бақтарын сынады. Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту. Жарыстың үздік ойыншылары жарыс барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты дөп бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, шыдамдылық пен төзімділікке баулып, ойын шиеленіскен сәтте жігерлендіре білді. Турнирде аудан командасы тактика жағынан өздерінің шеберліктерін көрсете біліп жүлделі 2 орынды иемденді. Жеңімпаздарға облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, құрылыс басқармасының атынан диплом, кубок және медаль табысталды.
Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ