Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталмақ

(0 Votes)
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталмақ

31 мамырда Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай салтанатты шара өтеді. Іс-шараға ұлттық спорт түрлерінің өкілдері, жаттықтырушылар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысады.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау және қала тұрғындарын алдағы көшпенділер ойындарымен таныстыру.

Меймандар үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өтеді:

Тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан шеберлік сабағы;

Қазақ күресінен ашық жаттығу;

Арқан тарту, асық ату, ләңгі ойындары;

Көшпелілер тақырыбы бойынша сұрақ-жауап ойыны.

Іс-шара ұйымдастырушылары: ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы.

Басталуы: 17:00

Мекен-жайы: Бәйтерек монументінің жанындағы алаң (Достық көшесі жағынан)

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау

және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі.

Назым Рысбетова 8 701 208 18 11

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521