Оркестр сыйлаған әсерлі кеш

(0 Votes)

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Елордамыз - Астананың 20 жылдық мерейтойына орай мұнайлы өлке Доссорға Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясының эстрадалық оркестрі гастрольдік сапармен келді. Кешті ашқан Республикалық, Халықаралық конкурстардың лауреаты дирижер Мәдениет Меңдіғалиев сыйқырлы таяғын сермеп оркестрге жан бітірді. Сол сәттен бастап шығармашылық ұжымның қолдарындағы аспаптарға жан бітіп, К.Дүйсекеевтің белгілі шығармаларынан попуриді төгілтті.

Сондай-ақ, оркестрдің орындауындағы "Abba gold", "Latin gold", "Мамбо намбо файв", "Бразилия" әуендері көтеріңкі көңіл күй сыйласа, Медет Қарамырза "Ауылым", "Бақыт құшағында", Бақытбек Сисенғалиев "Көзімнің қарасы", Хамиль Суекбаев "Куә бол", Мария Нұғмарова "Ұнайды маған", Перизат Қайырбаева және Әділбек Байтанат "Әсем ән", Мария Нұғмарова және Перизат Қайырбаева "Ертеңіме сенемін", Қуандық Нұғмаров "Тәкеннің әні", Венера Машкалиева "Әлия" әндерін оркестірдің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқады. Аталған орындауларға халықтың қошеметі зор болды.

Мәдениет Меңдіғалиев "Память" композициясын флейта аспабында жеке ойнап, көптің назарын өзіне аударып, көп кездесе бермейтін аспаптың сыйқырына кенелтті. Кеш Мержан Қабдоловтың орындауындағы "Қазақстаным-елім" әнімен аяқталды.

Кеш соңында кент әкімі Ербол Ермағанбетов өнер ұжымына ризашылығын білдіріп, филармонияның кең тынысты, күміс көмей әншілеріне қашан да көрермендері асық болып жүретіндігі жөнінде жерлестерінің ыстық лебізін жеткіздә. Өнердегі өркендеу жолдарына табыс тілеп, алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT