Ұстаздар дойбы додасына түсті

(0 Votes)

Жастардың игілігіне берілген "гүл қазанның" "қақпағы" ашылғалы қыз-қыз қайнап жатыр. Бұл сөзімізге бұған дейін өтіп үлгерген түрлі  байқаулар мен жастар арасындағы өзара басқосулар дәлел.

Аталмыш ғимараттан орын тепкен тағы бір ұжым - Балалар - жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлық клубы. 

Аталмыш ұжым ел тәуелсіздігін алған күнді елеусіз қалдырмай, дойбыдан аудандық жарыс ұйымдастырды. Алғаш болып сөз алған мекеме басшысы А.Айсағалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жиылғандарды мерекемен құттықтады. "Бұл жолы жарысқа дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері қатысып отыр. Алдағы уақытта өзге де ұстаздарымыз атсалысады деген ойдамын",-деді ол.

Бір қарағанда, тым жеңіл секілді көрінгенімен, дойбы ойынында да табан астында тапқырлық таныта білуіңіз керек. Бір бұрыс жүріс, бүкіл ойынның "тағдырын  шеше салады". Әр жүрісін аңдысып, тартысқан ойыншылар жарыстың көркін қыздырды.

doibyshylar-6

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында жолына кезіккенін жүрісінен жаңылдырған Е.Бейсенбаев бірінші орынға ие болды. Екінші орынға М.Қайыров табан тіресе, А.Заманбеков үздік үштікке ілікті. Жеңіс жолында жеңіліс тапқан Ғ.Нарынбаевты да жігері үшін құр алақан қалдырмады. 

Нәзік жандыларымыз да жеңіс жолында аянып қалмады.  Бұл жарыста А.Туленованың алдына ешкім түсе алмай, жеңіс тұғырының бірінші сатысына жайғасса, екінші орын А.Утароваға бұйырды. Қола жүлдені М.Жумесенова қанағат тұтып, жеңіске деген жігері үшін А.Өтепқалиева, М.Тулегенова, Л.Байгуршинова, Г.Неталы, А.Ержанова, А.Сагидулиевалар марапатталды.


А.САДЫКОВ
Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521