Теміржолшылар арасынан "Станция Мақат" топ жарды

(0 Votes)

Елімізге енгізілген карантиндік шаралар ауданымызды да айналып өтпей, спорттың біраз түрінің тұралап қалуына әкеліп соқтырған еді. Десе де уақыт жылжып, дерт бәсеңсіген тұста дүбірлі доп додалары карантин ережелерімен қайта жандана бастады.

Ала доп десе ішкен асын жерге қоятын мақаттықтардың жыл сайынғы асыға күтетін дәстүрлі турнирлерінің бірі теміржолшылар арасында өрбитін ойын. Биылғы жарыс тәуелсіздік мерексіне орай "Қазкөліккәсіп кубогы 2020" атауымен өтті. Сайысқа сайдың тасындай іріктелген бес команда қатынасып, өз-ара күш сынасты. Кіл мықтыда кім мықты екенін дәлелдеу ойыншыларға оңайға түспеді. Мәселен бұған дейін ауызымен құс тістеген "Локомотивтік" мықтылардың жолын бұл жолы "Станция Мақат" командасы бөгеді. Ә дегеннен үш командадан тоғыз ұпай алып үлгерген олар, тек ақтық ойында "Теміржол күзетшілеріне" есе жіберіп бірінші орынға сенімді түрде орнықты. Осылайша араға бес жыл салып "Станция Мақат" командасы  чемпиондық атақты қайта жеңіп алды.

Жарыстың күміс жүлдесін "НЖС" командасы қанжығаларына байласа, үздік үштікті "Жөндеу депосынан" келген жігіттер түйіндеді.


 А.САДЫКОВ     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521