«Өшпес тарих» кешін сыйлады

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Тахмина Әшімбекованың «Өшпес тарих» атты ән кеші өтті.

Өнерпаздарды көрермендермен жақын таныстырып, табыстыратын бірден-бір орта сахна болса, сол төрде жезтаңдай әнші көрермендерді әсем әндерімен сусындатты. «Әдемі-ау», «Ана», «Жаным», «Туған күн», «Сыған серенадасы», «Нәзік сезім», «Ұзату», «Сол шақтар», «Түрік әні», «Өшпес тарих», «Сені ғана», «Жеңешем», «Гүлдер-ай» сынды әндерін көрермендер қосыла шырқаса, бүлдершіндер сахнаға көтеріліп, дүркірете би биледі. Осылайша қызықты өткен кеш көрермендеріне көтеріңкі көңіл сыйлады. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен концертте Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясының әншісі Перизат Қайырбекова өнер көрсетті. Кеш соңында кент әкімі Ербол Ермағамбетов кент тұрғындары атынан әншіге зор алғысын білдірді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT