Шахматшылар ақыл-ой жарысында бақ сынасты

(0 Votes)

Жер жаһанды жегі құрттай жайлаған жемқорлықпен жұмыла күресу жолында әр азаматтың аянып қалмағаны маңызды.

"Мен-мен" деген  мемлекеттердің іргесін санаулы жылдарда  сөге салатын кеселдің қауіпі  мұнайлы мекенімізді де айналып өтпей, балағына жабысқан құрт секілді төске өрлеп барады. Сондықтан да, парақорлыққа  қарсы күрес барынша күшейтілуде.

shahmat-2

Осы мақсатта "Атырау адалдық алаңы" жобалық кеңесінің Мақат ауданындағы өкілінің ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!" акциясы аясында шахматтан аудан тұрғындары арасында турнир өтті. Турнирде ауданымыздың ойы жүйрік ойыншылары күш сынасып, бірінен бірі өтіп жарыстың көркін кіргізді. Ашық аспанның астында өткен байрақты бәсекені сүйсіне тамашалаушылар да аз болмады. Ақыл-ой спортының алыптары бақ сынасқан  аталмыш турнирдің жеңімпазы болып А.Күмісбаева танылды.

shahmat-1

Күміс жүлдеге А.Төленова қол жеткізсе, үздік үштікті Т.Ұзақбаев түйіндеді. Қара қылды қақ жарған қазылар құрамында бас төреші болып Т.Байгуршимов қызмет атқарса, Ғ.Нарымбаев, Д.Хасановтарда төрешілердің қатарынан табылды. Жеңіске деген жігері үшін А.Құлмұханов пен Т.Киржикбаев ынталандыру сыйлықтарынан құр қалмады. 

 

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521