Шәмші әндері шалқыған кеш

(0 Votes)

Ауыл тұрғындары өткен жұмада Қ.Сәтбаев көшесіндегі аллеяда Шәмшінің әндерін тыңдап бір сергіп қалды.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранының авторы, «Вальс падишасы», композитор Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Шәмшінің әндері-ай, жүректі тербеген» ән кешінде аудан жастары өз өнерлерін ортаға салды.

Қырық жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқов үш жүзге жуық муызкалық туынды жазып, тұнып тұрған сыршылдығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін сазгердің өмір – дерегін әсерлі жеткізген фестивальде Ш.Қалдаяқовтың ел ішінде орындалып жүрген әндері орындалды.

Кеште М.Шахановтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Өмір-өзен», «Шынарым» әндерін «Досарт» тобының орындауында көрермен жылы қабылдаса, «Шәмші әндерінен поппури», «Арқалықтың ақ таңы», «Ана туралы жыр», «Қайықта», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Отырардағы той», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Мұңайма» әндерін, М.Тлеуқұлова, Г.Бисаханова, Д.Қасен, А.Төлегенов, Д.Еримов, Г.Бисаханова сынды аудан өнерпаздары орындап, көрермендер зор ықыласпен тыңдады. Шара соңы «Шәмшіге арнау» әнімен аяқталды. Аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Тулебаева фестивальде өнер көрсеткен жастарды алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтарын табыс етті.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT