Муайтайшылар универсиада чемпионы

(0 Votes)

Тайланд елінде өткен Муай-Тай спортынан студенттер арасында әлем чемпионатына доссорлық муайтайшылар Еламан Саясатов пен Әбіл Галиев аталмыш ел намысын қорғаған болатын.

Спортшыларымыз команда қоржынын 1 алтын және 1 қола медальмен толықтырды.

Қазақ елінің ең титулды спортшысы 54 кг салмақтағы Еламан ақтық сында Ресейлік З.Асланбекті 29:28 есебімен тізе бүктірді. «Ресейлік спортшымен болған финалдық кездесу оңайға түспеген. Себебі, қарсыласы танымал әрі тәжірбиелі спортшы болса керек. Соңғы рет онымен Польша елінде жолығып, жеңіске жеткен Еламан қарсыласының қауқарын сезгенін жасырмады. Осылайша ол универсиада чемпион атанып, Тай елінде көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды қалықтатты. Ал, 63,5 келі салмақтағы Әбіл іріктеу кезеңінде польшалық Оскар Сигертті ұтты. Жартылай финалда Беларусь спортшысына есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT