Дойбышылар додасы

(0 Votes)

Астана қаласының 20 жылдығына орай ауданда әртүрлі шаралар жалғасуда.

Солардың бірі, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбы жарысы.

Шараға арқау болған Астана қаласының мәртебесі мен ұлттық рухымызды оятар мағлұматтарды сабақтақтаған ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық шараға 18 талапкер қатысып, ала тақтада ойларын шынықтырды. Қоғаммен етене ой жүйріктіктерін танытқан талапкерлер белсенді ойын үлгісін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, ерлер арасында «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен О.Джакибалдиев пен Б.Мұрат марапатталды.

Жарыстың 3-ші орыны Н.Ақболатовқа, 2-ші орыны Б.Алиповке бұйырса, 1-ші орынды Н.Сатимов жеңіп алды.

Ал, әйелдер арасында «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына Ж.Есенгалиева мен А.Ихсанова лайықталды. Жарыста 3-ші орынды Э.Утемисова, 2-ші орынды Н.Мақсотова місе тұтса, 1-ші орынды К.Утешова жеңіп алды. Жүлдегерлерді ұйымдастырушылар дипломдар мен алғыс хаттарға ие болып, медалдармен марапатталды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT