Қызылорда қаласында ауыл жасөспірімдерінің республикалық II жазғы спорт ойындарында ауданның спортшылары да бақ сынаған болатын.
Дзюдо күресінен 162 талапкер қатысқан сайыста аудан палуандары Әбілхайыр Ұлықбек 55 келіде және Сапарғалиев Әділет 81 келіде ІІІ орын, Шәменов Дінмұхамбет 66 келіде І орынға ие болды. Дүбірлі додада республиканың 14 облысынан 2000-ға жуық 2001-2003 жылдары туған ауыл спортшылары шеберлік байқатты.