Рингте атой салды

(0 Votes)

10 қыркүйек күні Атырауда «Жайық» спорт кешенінде Халықаралық кәсіпқой ММА (аралас жекпе-жек) кеші өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған MFC кешінде 12 жекпе-жек күтілді. Олардың арасында жерлестеріміз Ищан Галиев және Еламан Саясатов МFC 3-те өздерінің үшінші жекпе-жегін өткізді.


Ищан өзінің негізгі бекітілген қарсыласы ресейлік Максим Кожевниковты емес, атыраулық Есболат Рахиденовты қабылдады. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа жоспарланған еді. Бірақ бірінші раундта Ищан қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, Ишан Галиев ММА-дағы кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Есболат Рахиденов кәсіпқой спорттағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Ишанның каратэ және муай-тайдан «Алан» клубындағы серіктесі Еламан Саясатов өз кездесуін қырғыздық жауынгер Рысбек Масатбекұлымен қарсы өткізді. Кездесу сәтті аяқталып, Еламан қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.
12 қыркүйек күні «Алан» клубының тағы бір жауынгері Әбіл Галиев Алматыдан жақсы хабар жеткізді. Қазақстан және Тайланд муайтайшыларының кәсіпқой турнирінде Әбіл қарсыласы Наруто Сатхианды екінші раундта ауыр нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды.
Осылайша доссорлық муайтайшылар кәсіпқойлық бағытта өз шеберліктерін шыңдап, мықтылықтарын дәлелдеді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521