Мақаттық «Өнер құрамасы» футболдан кубок жеңімпазы болды

(0 Votes)

Ауданымызда мини-футболдан аймақтық турнир ұйымдастырылып, жоғарғы лига чемпионы анықталса да жазғы футбол маусымы аяқталмаған еді. Маусымның соңғы ойындарында бірінші лигадағы чемпиондықты «ҚКП-8» және «Доссор» командалары сарапқа салса, кубоктың финалында «Қуандық» және «Өнер» құрамасы кездесті.

17 команда бәсекеге түскен кубокқа таласты 2 команда 1/16 ойындарынан, ал қалған 15-і 1/8 кезеңінен бастады. Жоғарғы лигада барлық қарсыластарынан жеңіліс тауып соңғы орын алған «Өнер» құрамасы бар күшін кубок бәсекесіне салып, табандылық көрсетті.

Алдымен «Иманғали» командасынан 3:1 есебімен айласын асырған олар, ширек финалда доссорлық «Омардан» пенальтидің арқасында ғана өтті. Жартылай финалдың кезегі келгенде 3:1 есебімен «Самрат» командасын да тізе бүктірді. Солайша ешкім күтпеген сенсация жасап ақтық ойынға жолдама алды. Финалдағы қарсыластары «Қуандық» құрамында жергілікті спорт жұлдыздары ойнайтын ауданның бетке ұстар командасы еді. Тартысты өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 болып тең аяқталып, командалар айып добын тебісетін болды. Пенальти сериясының нәтижесінде бір доп айырмашылығымен жеңіске жеткен «Өнер» құрамасы биылғы жылғы кубок иегерлері атанды.

Ал, Мақат футбол лигасының VIII ашық біріншілгіндегі I лиганың чемпиондығы «ҚКП-8» командасының жігіттеріне бұйырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT