Қараша айының 5-6 күндері Ақтөбе қаласында дзюдо спортынан «Judoka Aktobe» республикалық ашық турниры өткен болатын.
2010-2011, 2012-2013 және 2014-2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарысқа жергілікті жас спортшылармен қатар Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облысының және Ресей Федерациясының Орынбор облысының балуандары да қатысты.
Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 13 спортшы барған жарыс нәтижесінде қоржынымызға 4 қола түсті. Атап айтар болсақ, 2010-2011 жылдары туғандар арасында 38 келіде Эльдар Мәди және 50 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Парасат Жолдығали, 2012-2013 жылғылардан 21 келіде Исмаил Мұхамбетқали және 2014-2015 жылы туғандар арасында 23 келіде Ілияс Айтқалилардың барлығы үздік үштікті түйіндеді.
Байрақты бәсекеге балуандарды бабында жіберген бапкерлері Азамат Бегалиев пен Әділет Тынышқалиев шәкірттерінен зор үміт күтеді.
А. Жұмабекұлы