Мұнайымен қатар Доссордың мақтанышына айналған муайтайшылар өз жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантты. Ишан және Әбіл Галиевтер, Еламан Саясатов сынды ағаларының жолдарын жалғайтындай жас өрендер ауданымызда жоқ емес.
Оған кезекті рет көз жеткізген жарыс 4-6 қараша күндері аралығында Атырау қаласында өтті. Батыр бабаларымыз Исатай мен Махамбетті еске алуға арналған муайтайдан облыстық ашық турнирде Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің муайтайшылары 5 алтын, 4 күміс, 4 қолаға қол жеткізді.
Әліби Рысқұлов, Ерназар Түгелбай, Богдан Полфунтиков, Әділет Құбайдолла, Әли Құрманғалилер алтын алса, Ербол Өтеген, Дәулет Мұратов, Асылхан Түгелбай, Дарын Жолдасқалиевтер күміс, ал Кирилл Полфунтиков, Рамазан Нұрқуатұлы, Али Болатқали, Асылан Рысқалилар қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар өз шеберлігімен көзге түскен Арсен Бисенбай «Батыс кубогының» белбеуі мен 200 мың теңгелік сертификат жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз жеңістері жаттықтырушылары Ислам Галиев пен Нұрлыбек Ордабаевтың арқасы екендігін айтады.
А. Байшуақ