Драма үйірмесінің жарқын жетістігі

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйі жанындағы үйірмелердің шәкірттері ұстаздарын әркез жақсы нәтижелерімен  қуантып жүр.

Жуырда Атырау қаласында «Дарынды әлем» халықаралық шығармашылық ассоциациясының ұйымдастыруымен «Самға әуен» халықаралық көпжанрлы балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған байқау өткен болатын. Аталған байқауға аудандық мәдениет үйіне қарасты драма үйірмесінің оқушылары бақ сынап қайтты. Он екі қыздан құралған «Жалын» тобы Ақгүл Тұрсынбайдың «Тастанды бала» монологын жүректерге жеткізе оқып, театрлық көрініс сомдаған болатын.

312052812_1349026889172476_1319368497889723556_n

Нәтижесінде әртістік шеберліктері жоғары бағаланған үйірме шәкірттері Ақнұр Есентай, Аяулым Сәду, Айтолқын Әбіт, Нұрай Саламат, Аяулым Ғайса, Диляра Есенжанқызы, Райлан  Қамбарқызы, Гүлжан Байсымақ, Ақбаян Саматқызы, Асма Қуаныш, Аяна Жандарбек, Перизат Сағидолла байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Өнерді жанына серік еткен жас өрендерімізге болашақта бұдан да үлкен белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

                                                                          

                              А.Жұмабекұлы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT