«Парыз» оқырмандарына жол тартты

(0 Votes)

Өткен аптада ұғымы кең, мазмұны терең «Парыз» сөзімен аталған педагог жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Оны Мақат өңірлік «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі аудан әкімдігінің қолдауымен салтанатты түрде аудан кітапханасында өткізді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасына сәйкес өткізілген шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ардагерлер, кітапхана қызметкерлері, мұғалімдер қатысып отырды.

Кітаптың авторы Марияш Сатимова халықаралық Ұстаздар Одағының, «Қазақстан ұстазы» қоғамдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан ұстазы» қауымдастығының 1 дәрежелі «Қазақстан ұстазы», халықаралық «Бейбітшілік әлемі» Бірлестігінің «Лидер образования», «Бейбітшілік әлемі» бірлестігінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медальдің иегері. Ол қазір М.Баймұқанов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жасайды.

Автордың «Парыз» атты оқу әдістемелік құралында ой толғаулар, ұрпақ тәрбиесіне қатысты әңгімелер мен атақты адамдардың жазған хаттарының аудармалары, шәкірттерінің шығармалары енгізілген.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде сөз алған аудандық мәслихат аппаратының басшысы Амангелді Амиров, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Кеуелова Елбасы ұсынған бағдарламаның жүзеге асуы үшін баршаның белсенділігі қажеттігін атап өтті.

Сонымен бірге ұстаздың әріптестері мектеп басшысы Алтын Бахтыгереева М.Сатимованың негзгі жұмысы мен әдебиетті қатар алып жүргендігін ұстаздың шығармашылық шеберлігі десе, ағылшын пәнінің мұғалімі Амангүл Құмарова автордың жаңа кітабын оқып, ондағы күнделікті тіршілік түйткілдерінің, оқушы қаламынан туындаған шығармалардың білім саласы қызметкерлері үшін көмегі зор екендігін атап өтті. Ұрпақ тәрбиесі үшін әдістемелік құрал ретінде де пайдалануға болатындығын айтқан білім саласының ардагер Зәру Жоламанова сәттілік серік болғай деген тілегін білдірсе, әріптесі Айгүл Құспанова , кітапхана маманы Алмаш Мұсағалиева ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов, Ғалымжан Тастаев пікірлерімен бөлісті. Бұдан кейін Света Мұханғалиева ескі кен орны Сағыз мұнай кәсіпшілігінің байырғы тұрғындары атынан алғыс хатын жеткізді.

Бұдан бұрын да Марияш аталмыш кеніштің тарихы мен ондағы еңбек адамдары туралы кітап бастырып шығаруда ерінбей ізденіп, өлкенің аты тарихта қалуына атсалысқан болатын.

Шараны кітап авторы М.Сатимованың шәкірттері М.Мақатаев пен Ф.Оңғарсынованың өмірдің кейбір сәттері туралы жазылған өлеңдерімен көркемдеді. Кітап авторы тұсау кесер рәсімінен соң еңбегін кітапханалар мен жеке оқырмандарға тарту етті.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT