Облыстық ойындардан бір күміс пен бір қола

(0 Votes)

Қараша айының 6-сы күні Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы негізінде, «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 18 бен 29 жас аралығындағы жастар арасында облыстық спартакиада өтті.


Аудандық және қалалық спартакиадалардың жеңімпаздары спорттың: волейбол, футбол, гир көтеру, ләңгі тебу, қол күресі және үстел теннисі түрлері бойынша өзара сынға түсті. Алайда жарыс уақытының алғашқы белгіленген күнінен өзгеруі Құрманғазы мен Жылыой аудандарының әуесқой спортшыларының қатыспай қалуларына себеп болғандай.
Мақаттықтар спорттың 4 түрінен бәсекеге шықты. Өкінішке орай ұйымдастырушылармен арада болған түсініспестік салдарынан қол күресі мен гир көтеруден біздің ауданнан ешкім болмай қалды. Үстел теннисінен қатысқан спортшымыз ширек финалдан сүрінсе, негізгі ойыншалары доссорлық жігіттерден құралған волейбол командасы үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде Индер ауданының құрамасынан жеңіліс тапты. Дейтұрғанмен, біздің жігіттер додадан құр қол қайтпады. Атап айтар болсақ, жүгіруден алдына жан салмайтын Парасат Құлмұханов бұл жолы ләңгі тебуден қола жүлдегер атанды. Ал футболдан аудан намысын «Самрат» командасы қорғады. Алғашқы кездесуде Атырау құрамасынан жеңілгеннің салдарынан ұшудың сәл-ақ алдында тұрған жерлестеріміз, доп айырмашылықтарының арқасында жартылай финалға қосымша жолдама алды. Сөйтіп ½ финал ойындарында атыраулықтардан есесін қайтарып, ақтық ойында Қызылқоға ауданынан келген жігіттерден жеңілді. Бірінші орын - 75 000, екінш орын - 50 000, үшінші орын алғандар 25 000 тең көлеміндегі ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Ұымдастырушылардың айтуынша, жақын арада ұлттық ойындардан да спартакиада өтпек.


А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT