"Жастар премиясы - 2025"

(0 Votes)

Бүгін «Бақ-ырыс» мейрамханасында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар премиясы – 2025» салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты шара Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңімен ашылды. Әрі қарай сөз алған аудан әкімі Азамат Саматұлы жалынды жастардың еңбегін атап өтіп, еңбекте толағай табыстарға, биік шыңдарға жете беруге тілектестігін білдірді. 

Жастар премиясында жыл бойы үздік көрсеткіштерге қол жеткізген жастар 19 аталым бойынша марапатталды.

«Жастар премиясы – 2025» номинациясын иеленгендер:

1.Үздік жас білім беру саласының қызметкері – Мұстафина Арайлым Қашағанқызы;

2. Үздік жас мемлекеттік қызметші - Төкешов Данияр Амантайұлы;

3.Үздік жас мұнайшы - Сейітқали Асылжан Сағытжанұлы;

4.Үздік жас мәдениет қызметкері - Сарбасов Нұрбек Мейрамбайұлы;

5.Үздік жас медицина қызметкері - Жаңабаева Гүлден Жаңабайқызы;

6.Үздік жас теміржолшы - Балашов Батырбек Әділжанұлы;

7.Үздік жас су саласының қызметкері - Мұханғалиева Мейрамгүл Мақсотқызы;

8.Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері - Берік Ерлан Берікұлы;

9.Үздік жас мемлекеттік қызмет көрсетуші - Мұқанова Мария Мұқанқызы;

10.Үздік жас энергитика саласының қызметкері - Иманбаев Қуандық Құмарұлы;

11.Үздік жас БАҚ қызметкері - Қасым Әсем Талғатқызы;

12.Үздік жас байланыс саласының қызметкері - Исатай Аймұрат Абзалұлы;

13.Үздік жас сот қызметкері - Кеңесова Жарқынай Асланқызы;

14.Үздік жас газ саласының қызметкері - Нұғманов Медет Асылханұлы;

15.Үздік белсенді жас - Хасанов Әсет Төлегенұлы;

16.Үздік жас әлеуметтік сала қызметкері - Әбілғазы Сұлушаш Амантайқызы;

17.Үздік жас ауыл шаруашылығы қызметкері - Мырзакенов Гибрат Генадиұлы;

18.Үздік жас коммуналдық сала маманы - Буркишев Рүстем Сембайұлы;

19.Үздік жас спортшы – Нұрпеис Кәусар Исламқызы.

Марапаттау рəсімінен кейін аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Б.Серік 

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT