Балғын боксшылар жеңісі

(0 Votes)

Еліміздің Әнұранының авторларының бірі, белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтың рухына арналған Құрманғазы ауданында бокстан республикалық ашық турнир өтті. Дәстүрге айналған жарыс биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр.


2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы турнирге Өзбекстан Республикасы, Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары, Маңғыстау облысы және Атырау қаласы мен жеті ауданнан барлығы 280 спортшы қатысты.
Дүбірлі додаға ауданнан 7 боксшы қатынасып, шаршы алан төрінде бақтарын сынады. Бағы мен бабы қатар шапқан 4 жас спортшы жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтсақ, 42 келі салмақта Нұрмұхамед Алдаберген және 54 келі салмақта Исламбек Беркінғали чемпион атанса, 38 келі салмақта Бекзат Сембай және 34 келі салмақта Әлихан Қанатұлы қола жүлдені місе тұтты.
Бұл турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар «Спорт шеберілігіне үміткер» атағымен марапатталды.
Жас спортшылардың бапкерлері Нұрсейіт Аюпов, Парасат Құлмұханов, Амангелді Қобдабаев, Қазбек Сапенов шәкірттерінің әлі талай белесті бағындыратынын айтады.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT