Қоржында жеті жүлде

(0 Votes)

Мұнайлы мекеннің бозкілем шеберлері Индер ауданында атой салды. Өткен апта да еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Сәттіғұл Азербаевты еске алуға арналған турнирде Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де күш сынсқан еді. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендеріміз бұл жолы да байрақты бәсекеден қанжығаларын майлап қайтты.


32 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Жауылбай Нұрасыл үздік үштікті түйіндесе, 38 келіден Қарасай Диас ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, 44 келі бойынша Жауылбай Нұралы үшінші орынды иемденсе, облыс намысын ел чемпионатында қорғағалы жүрген мақтанышымыз Ербол Маратұлы 65 келі бойынша қарсылас шақ келтірмеді. Жауырыны жер иіскемеген жерлесіміз бұл жолы да облыста өз салмағында мықты екенін дәлелдеп, алтыннан алқа тақты. 75 келі бойынша сынға түскен Толыбай Назархан күміспен күптеліп, 85 келіден тағы бір алтынды еншіледік. Жеңімпаздың есімі - Ерғали Жансерік. Дүбірлі додада бұрымдыларымыз да қарап қалмай, 40 келі салмақта Диляра Төлеуғали жарыстың бас жүлдегері атанды. Осылайша 3 алтын, 2 күміс, 2 қоланы қоржынға басқан Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері аудан мерейін асқақтатты.

А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT