Серікболсын Шынтасов,
спортшы:
-Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін құндылықтарының бірі. Елдігімізді айшықтайтын ұлы мереке құтты болсын!
Шетелде жарысқа қатысқан сайын көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқату -менің басты мақсатым. Әлемдік ареналарда алтыннан алқа тағынып, Әнұранымыз шырқалғанда кеудеңді ерекше бір сезім кернейді. Осы бір сәтті сезіну үшін күндіз-түні аянбай жаттығып, еңбек ету – міндетіміз.
Көк байрағымыз көк аспанда мәңгілік қалықтасын!