«ДосАРТ» триосы:
-Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің төлқұжаты.
Елбасы Н. Назарбаев: "Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер"деген еді. Ендеше, азат елдің рәміздерін құрметтеп, қастерлей білу – баршамыздың парызымыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесі одан әрі арта берсін!