Музей қоры жаңа жәдігермен толықты

(0 Votes)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы республикадағы музейлердің дамуына оң ықпал жасады. Мәдениеттің киелі ошақтары – музейлер – осы бағдарлама аясында қорларды сақтау және дамыту, насихаттау бағытында көлемді жобаларды жүзеге асырып келеді. Ең бастысы, осы шараларды атқаруда ұлтымыздың болашағы – өскелең ұрпаққа атадан-балаға мирас болып сақталып келген, кейін музей қазынасына айналған экспонаттардың маңызын жете түсіндіру басшылыққа алынған.

Таяуда Мақат тарихи-өлкетану музейі жаңа жәдігермен толықты. Ол - дәстүрлі қазақ қоғамында қолданылған жүкаяқ пен сандық жиһазы. Көне бұйымдарды Доссор кентінің тұрғыны, «Бекбике» кен орнында мұнай өндіруші оператор болып жұмыс істеген, «Ерлік еңбегі» үшін медалі және «Құрмет грамотасының» иегері Дәржан Сәтмағамбетова музей қорына табыс етті. Бұл Дәржан апайдың енесі Қилым Төлегенованың (1916-1986 жж.) 1933 жылдары қолданған тұрмыстық заттары екен.

9c9ee827-279a-4efe-98c3-3369ca0b3a19

Сараптама комиссиясы шешімімен жүкаяқ пен сандыққа реставрациялық жөндеу жұмыстары (тазалау, жуу, кептіру, сырлау) жүргізіліп, қорға қабылданды. Бұл жәдігерді енді тарихи-өлкетану музейінен тамашалауға болады.
Жылдар өткен сайын ұлттық құндылықтарымыздың маңызы мен мәні арта түсетіні белгілі. Олай болса, келешек ұрпаққа аманаттайтын жауһарларымыз мол болып, ұлттық құндылықтарымызды көненің көзіндей сақтап, асыл мұраларымыздың қасиетін бағалай білейік!


Б.Мұқашева,
Мақат тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521