Қарағандыда бұйырғаны қола болды

(0 Votes)

Өткен аптада редакциямызға қуанышты хабар келді. Тарқатып айтар болсақ, ауданымыздың төрт дзюдошысы шілденің 3-5 күндері аралығында Қарағанды қаласында өткен 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатына аттанған болатын.

Енді, міне, балуандарымыздың бапкері Ерлан Шынтасов хабарлағанындай, Серікболсын Шынтас, Дулат Аманқосов, Әділет Сапарғалиев атты жігіттеріміз татами төріндегі тайталастарында қола жүлдеге ие болыпты.

«Шәкірттерім ел біріншілігіне тыңғылықты дайындықпен барды. Бірақ қарсыластары да оңай болған жоқ. Енді жақын арада Серікболсын Шынтас Чехиядағы Еуропа кубогында күреседі. Ал, тамызда Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Кубогы үшін жарыста үшеуі де бақ сынамақ. Содан кейін ересектер арасындағы белдесулерде бой көрсетіп, Олимпаиадаға бару жолында ұпай жинаулары керек», - дейді алдағы жоспарларымен бөліскен бапкерлері.

Біз де жастық шағын спортқа арнаған саңлақтарымызды жеңістерімен құттықтап, болашақтағы бәсекелеріне сәттілік тілейміз!


А. Байшуақ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521