21 күні Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінде Республика күніне орай дзюдодан 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар арсында облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.
Байрақты бәсекеге Атырау қаласындағы ОРМБЖМ, №1 Балалар жасөспірімдер спорт мектебі, №2 Балалар жасөспірімдер спорт мектебі, №3 Балалар жасөспірімдер спорт мектебі, №4 Балалар жасөспірімдер спорт мектебі және «Тельман», «Мағауия», «Баракат», «Асад» спорт клубтары мен 7 ауданнан келген дзюдошыларды қосқанда барлығы 17 командадан келген 300-дей спортшы қатысты.
Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ринат Ибрагимов, дзюдоның ардагер бапкерлері спортшыларға өз-ара мықтыларды анықтауда сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесінде ауданымыздың намысын қорғаған Мақат және Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 23, 26, 29, 35, 38, 42, 50, +50 келі салмақ бойынша барлығы 4 алтын, 4 күміс, 6 қолаға қол жеткізді. Жас өрендеріміздің жетістігі олардың бапкерлері Абзал Қапсәлімов, Әділет Тынышқалиев, Ұлықбек Әбілхайыр, Азамат Беглиевтердің еңбегінің жемісі екендігінің айғағы.
А.ЕСЖАН