Муайтайшылар алтыннан алқа тақты

(0 Votes)

Алматы қаласында 24-27 қазан аралығында Муай-тайдан ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысты. Дүбірлі дода Доссорлық «Алан» спорт клубының муайтайшылары Еламан Саясатов, Әбіл Галиев, Нұрлыбек Ордабаев бақ сынады. 

Бұл сайыста Еламан Саясатов 54 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Финалдық бәсекеде Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Бақытжан Арифхановпен кездесіп, жеңімпаз атанды. Ал, Әбіл Галиев 63,5 келі салмақта оза шапты. Ақтық сында Петропавл өңірінің спортшысы Евгений Зайцевті нокаутпен жеңді. Осылайша, Еламан мен Әбіл аталмыш жарыстың алтын жүлдегерлері атанды.   

                                         muaitai-3                                                                

Ал, 57 келі салмақ дәрежесінде Нұрлыбек Ордабаев жартылай финалда Нұр-Сұлтан қаласының спротшысы Тигран Оганесяннан 1:2 есебімен жеңіліс тауып, қола жүлдеге ие болды.                                                                                                                             muaitai-1

Айта кетейік, бұл Азия чемпионаты алдындағы іріктеу сайысы болатын. Жалпы, Атырау облысы құрамасы жарыс барысында 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521