Ресей Федерациясының Саратов облысы, Балаково қаласында дзюдо күресінен халықаралық дәстүрлі XXV турнир өтті. Осымен жиырма бесінші рет жалауын желбіреткен додаға 2003-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар қатысты.
Аталмыш жарыста Қазақстан, Ресей, Ауғанстан, Армения, Грузия мемлекеттерінен 600-ге жуық спортшы бақ сынады. Еліміздің намысын қорғағандардың қатарында Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары да болды. 60 келі салмақта татами төрінде бес кездесу өткізген Арсен Өтеулиев жүлдеге іліне алмады. Ал, 46 келі салмақтағы Айдос Жұмашев турнирдің қола жүлдегері атанды.
Сондай-ақ, Құлсары қаласында өткен жарыста да доссорлық дзюдошылар топ жарды. «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өткен болатын. +46 келі салмақ дәрежесінде Ерқанат Салтанатұлы қарсыласқа шақ келтірмей, қола жүлдегер атанды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА