Мақаттық өнерпаздар есептік концертін берді

(0 Votes)

Осындай тақырыпта аптаның сейсенбісі күні аудандық мәдениет үйі жанындағы ұжымдар мен көркемөнерпаздардың есептік концерті болып өтті.

Аталған кешке жергілікті тұрғындар асыға жетіп, мәдениет үйі залын лық толтырды. Кеш өтетін сәтті асыға күткен көрермендер арасында еңкейген кәрі мен еңбектеген балаға дейін табылды. Осыдан-ақ, жергілікті тұрғындардың өнерді қашанда жоғары бағалайтынын аңғаруға болады.

328512241_5851951518229935_7959597555978617221_n

326901026_1361818291243590_4103593162503721329_n

328556945_1358115308283396_8514806510108006407_n

328711471_500369542032807_7586391324026073084_n

Концерт басы «Шаттық» үлгілі би ансамблі мен Мәди Маңғыстауовтың сомдауындағы қойылыммен ашылды. Одан әрі сахна төрінде «Мақат әуендері» вокалды-аспапты ансамблі мен «Ардагерлер» ансамблі ән шырқап, кеш көркін қыздыра түсті. Бұдай кейін көрермендер «Ғинаятовтар» жанұялық ансамблі мен Ерасыл Мұсаев, Айзада Хабиболлаева, Ернар Бекболаттың бірлесе орындауындағы күй тартысына куә болды.

322956470_713281303636123_190850619914819275_n

328562357_1214611315928329_4974716689606808158_n

328446117_869371954289034_3276924392113393462_n

Одан бөлек, халықтың көзайымына айналған аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық театр әртістерінің әзілдік қойылымдары да көптің көңілінен шығып, күлкіге қарқ қылды.

Сондай-ақ республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып жүрген «Шаттық» үлгілі би ансамблі ортаға шыққанда мың бұралған бишілердің өнері жиналған көпшілікті тәнті етіп, Жасұлан Базарбаев, Алтай және Нұрсәт Сәрсенбаевтар, Әскер Нұрманов, Мейрамбек Құрманғазиев, Мереке Тілеуқұлова, Сымбат Маңғыстаудың орындауындағы әуезді әндері көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

328345283_734979197910287_3603056902289382790_n

328615412_2963135133982809_6458450254281279701_n

327001169_498719098999738_7779542740420370979_n

Одан әрі Кенжебике Төлебаева мен Раушан Әлиева халық әнін, Азамат Елубайдың орындауындағы «Бір шәугім шәй» әні көптің көңілінен шыға білді. Концерт соңы жергілікті ақын Нұрбек Сарбасовтың әнге лайықталып жазылған, Құрал Молжановтың «Бірлігі жарасқан» әнімен түйінделді.

img_5800

328335772_555957139794823_2489453570352620538_n

328515051_697001121900299_6795828555638075339_n

328430193_923379318821409_2130743495589992916_n

Концерт соңында сахна төріне аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бекәділ Жайкин көтеріліп, барша өнерпаздарға өз алғысын білдіріп, әсерлі кеш сыйлаған аудандық мәдениет үйі ұжымына аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлық және ықылас гүлін тарту етті. Арнайы сөз алған аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов өнер ұжымына арнайы тілегін айтып, өз атынан «Ғинаятовтар» жанұялық ансамбліне, А.Сәрсенбаев, Ә.Нұрманов, Ж.Есмұханов, М.Тілеуқұлова, С.Маңғыстау сынды өнерпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Кеш соңында жиналған халық рухани демалып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521