Нұрбек ел чемпионатының күміс жүлдегері

(0 Votes)

14-17 ақпан аралығында Астана қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылып, 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер қатысуда.

Жарыста -40 кг, -44 кг, -48 кг, -50 кг, -52 кг, -55 кг, -57 кг, -60 кг, -63 кг, -66 кг, -70 кг, +70 кг -73 кг, -81 кг, -90 кг, +90 кг келі салмақ бойынша ұл-қыздар татами төрінде бақ сынауда.

Чемпионатқа аудан атынан қатысқан 3 дзюдошының ішінде Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің және Олимпиада резервін дайындау орталығының тәрбиеленушісі Нұрбек Зауза 73 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынға ие болса, Бақтығали Заманбек жеңіліс тапты.

Күміспен күптелген Нұрбектің жаттықтырушысы Ерлан Шынтасов шәкіртінің бұл жетістігіне дән риза.

Ал бүгін 16 ақпан күні Жарқынбек Мейрамбекұлы жарыс жолына шығып, жеңіс үшін барын салатын болады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз