Заманбек - республикалық турнирдің күміс жүлдегері

(0 Votes)

Аудан палуандары жақсы жаңалықтармен қуантуын жалғастыруда. Жақында Талдықорған қаласында дзюдодан «Қысқы каникул» атты дәстүрлі республикалық турнир өтті.

Аталған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 1200 жуық палуан қатысып, бақтарын сынады. Облысымыздың құрамында 55 келі салмақта жерлесіміз Заманбек Бақтығали өнер көрсеткен болатын. 100 палуан арасынан жеті кездесу өткізген ол финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, ақтық финалда ғана есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Қазіргі уақытта Заманбек Алматы қаласындағы К.Ахметов атындағы олимпиадалық резерв дайындайтын мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы. Тыңғылықты дайындықтың арқасында барған жарысынан құр қол қайтып жүрген емес. Болашағынан зор үміт күттіретін жас палуан ақпан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының біріншілігінде бағын сынамақшы. Заманбек әлі талай толағай табысқа жетіп, ел абыройын асқақтатады деп сенеміз!

А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521