Мәдениет саласы ескерілді

(1 Vote)

 Жолдаудың төртінші тарауындағы, төртінші бөлімінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қызметкерлерін қолдау жөнінде сөз еткен болатын. Онда президент мәдениет саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге жеткілікті түрде көңіл бөлінбей отырғанын баса айтып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселелерді қозғады. Мемлекет басшысының мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысының аздығынан жас мамандардың жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмай отырғанын ескергені көңілге қонымды болды. Президентіміздің үкіметке келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуді тапсырып, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек деген тұстары ұнады. Мәдениет қызметкері ретінде осы жолдауды қолдаймын.

Раушан Сағытжанқызы

 аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT