Республикалық «Qazaqstan Jastar Fest» челленджі аясында ауданның 95 жылдығына және жастар жылына орай ерлер арасында марафон өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған марафонға 70-ке жуық адам атсалысып, спорттық шараның көрігін қыздырды.
Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішов қатысушыларға сәттілік тіледі.
![]()
Марафонда «Нұр Отан» ғимаратының алдынан «Мақат желілік өндірістік басқармасына» дейінгі 3,5 км қашықтықты қамтыды.
Нәтижесінде, 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 3-орынды Р.Қазбеков, 2-орынды М.Зарлыханов иеленсе, 1-орынды А.Тоқтабаев иемденді.
![]()
![]()
Ал, ауданда алғаш рет 7 км қашықтықта 18 жастан жоғары қатысушылар арасынан мәре сызығын алғаш боп кесіп өткен П.Құлмұханов болды. Ол аталған қашықтықты 28 минут 22 секундта жүгіріп жетті. Ал, 2-орынды А.Давлеталиев иеленсе, А.Құлсариев 3-орынды иеленді.
Жеңімпаздар диплом мен медальдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
А.ТАУМҰРЫНОВА,
суреттер автордікі.



