Мәулет Түркияны таңқалдырды

(0 Votes)

Түркия елінің Анталия қаласында бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында халықаралық «Art-talant-Turkey» өнер мен білім байқауы ұйымдастырылған болатын.

Дүбірлі додаға Р.Ғабдиев атындағы Доссор өнер мектебінің домбыра сыныбының орта топ оқушысы Мәулет Сағындық қатысып, «Аспапта ойнау» жанры бойынша бас жүлдеге ие болды. Жас та болса өнерге құштар талапкер байқау барысында көпшілікті таңғалдырды. Жас өнерпазды Доссор теміржол вокзалынан туыстары, ұстаздары, достары, кенттің белсенді жастары салтанатты жағдайда күтіп алды. Оның жанкүйерлері «Мәулет– чемпион!», «Жарайсың, алға!» - деген ұрандармен қарсы алды. Доссор мәдениет үйі ұйымдастырған салтанатты рәсімде Р.Ғабдиев атындағы Доссор өнер мектебінің басшысы Мағзом Иманғалиев және А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі, сынып жетекшісі Шынарай Жанжігітова тілектерін жеткізіп, жеңісімен құттықтады. Кеш барысында жетекшісі Шолпан Жылқышиева өздеріне ерекше сый-құрмет көрсетіп, зор үміт артқан жерлестеріне зор ризашылығын білдірді. Мәулет өзінің домбырада шебер ойнауымен бұған дейінде бірнеше жүлделі орындарға ие болған. Қала берді республикалық енді міне, халықаралық деңгейде аудан мақтанышына айналып отыр. Мұндай жеңісті күндердің легі әлі алда деген үміттеміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT