Мақаттық өрендер облыста үздік

(0 Votes)

Жуырда ғана спорт шеберлігіне үміткер атағын алған жас кіші аяқ допшылар өздерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Таяуда Атырау қаласында ауыл жасөспірімдерінің республикалық жазғы ойындарының мини-футболдан облыстық іріктеуі өткен болатын. Сайыс нәтижесінде мақаттық жеткіншектер қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Облысымыздың басқа да аудандарының және Атырау қаласындағы ауылдық округтардың намысын қорғаған командалардың барлығы өзара кездесіп шыққан еді. Жерлестеріміз ұпай бойынша басқалардан оқ бойы озық болды. Енді олар ай аяғында Талдықорған қаласында өтетін республикалық жарысқа аттанады.
Балалардың бұл жетістіктерінде бапкерлері Ержан Шарафиев пен Әнуар Теңдібайдың үлестері зор.


А. Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT