Серікболсын - құрлықта екінші

(0 Votes)

Мақаттық дзюдошы Серікболсын Шынтас 16-17 шілде күндері Швейцария елінде өткен Еуропа кубогынан олжалы оралды. Осылайша ол жанкүйерлерін қуантып, бапкерлерінің сенімін ақтады.

24 мемлекеттен 206 спортшы қатысқан дүбірлі дода да біздің балуан 90 келі салмақ бойынша сынға түсті. Алғашқы кездесуде италяндықтан айласын асырған ол, 1/4 және 1/2 финалдағы белдесулерде Герамания мен Франция азаматтарын иппон әдісімен таза жеңді. Ал, финалдық кездесуде неміс балуанынан тек ескерту санымен ұтылды.
«Қарсыластарымның алдын ала күрестерін қарап, әрқайсысына жеке дайындалдым. Барлығы да өз елдерінің намысын қолдан бермеуге бар күштерін салды. Бұл жеңісім алдағы үлкен жеңістерімнің бастамасы ғана деп ойлаймын», - дейді Мақаттың мақтанышына айналған спортшымыз.
Ауданымызда қазіргі таңда облыс, қала берді республикадан ойып тұрып орын алатын дзюдо мектебі қалыптасты. Бұл жылдар бойғы еңбектің арқасы екені сөзсіз.

ce439bba-645c-4085-8250-a463f13b1014
Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресінен жаттықтырушысы Ерлан Шынтасовтың айтуынша, ауданымыздың қос кентін қоса айтқанда Серікболсын Шынтастан басқа ересектер арасында жақсы күресіп жүргендер қатарында Дулат Аманқосов, Әділет Сапарғалиев, Ұлықбек Әбілқайыр, Дінмұхаммед Шәменов және жастардан Әділ Омаровтар бар.
Спортшыларымыз үшін биылғы жылдың ендігі басты бәсекесі қараша айында Атырау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаты болмақ. Өз қаламызда жерлестеріміздің абыройы асқақтай түседі деп сенім артамыз!


А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521