Мақаттық Дәулет үстел теннисінен чемпион атанды

(0 Votes)

Жақында жастар арасында  тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Ақтау қаласында өткен жарыс нәтижесінде жерлесіміз  Дәулет Саматұлы чемпион атанып, аудан абыройын асқақтатып қайтты. Чемпионды мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполовпен бірге спорт мектебінің оқытушылары арнайы құрметпен күтіп алды. Байрақты бәсекеге Атырау облысынан 10 спортшы қатысқан болатын.

 «Жарыс қызықты да тартысты болды. Себебі, қарсылыстарымның бәрі де жақсы дайындықпен келген. Менің жеткен жетістіктерімде аудандық спорт мектебіндегі жаттықтырушылардың еңбегі орасан. Сонымен қатар, бұл - үздіксіз дайындықтардың нәтижесі» - дейді мақтанышымыз.

Бәйгетөбе ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Марат Нұрмақов:

«Дәулет өте тамаша ойындар көрсетті. Жұп разряды бойынша жүлделі орын алмағанымен, жеке ойынында чемпион атанып, жақсы нәтиже көрсете білді. Дәулет ауданның ғана емес, облыстың да мақтанышы» - деді бізбен әңгімесінде.

Дәулет бұл спорт түрімен 7 жылдан бері айналысып келеді. Сондай-ақ, ол бұған дейінде аудандық, облыстық сайыстардың сан мәрте жүрдегері атанып үлгерген.

 

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521